Чернобыль апатына - 40 жыл. Атом электр станциясындағы алапат жарылыстың зардабын жоюға жалпы саны 900 мыңдай адам жұмылдырылған. Қорғаныс істер департаментінің мәліметінше, қауіпті аймаққа 2000-нан астам жерлесіміз аттанған. Олардың бірі радиоактивті қалдықтарды көмсе, енді бірі иесіз қалған аумақты күзеткен. Бүгінде 160 ардагердің көзі тірі. Улы сәуленің әсерінен көпшілігі денсаулығынан айырылған. Атаулы күнде апат салдарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігі дәріптеліп, қаза тапқандардың рухына тағзым жасалды.