Өңірдің үздік сынып жетекшісі анықталды. Дінмұхамммед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында өткен облыстық байқауда білім мен тәрбиені ұштастыра білген педагогтар бақ сынады.Қалалық, аудандық кезеңде жеңіске жеткен ұстаздар ашық сабақ үлгісін көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.