Осы тақырыпқа арналған жиын Ақтөбе мұнай жабдықтары зауытында өтті. Өңірлік коалиция өкілдері еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Ата заңның негізгі қағидаттары туралы ақпарат берді. Қолданыстағы Конституция егемендікке қол жеткізген, енді ғана қабырғасы қаланған жас мемлекеттің құжаты болды. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы мемлекеттіміздің құқықтық тірегіне айналды. Ал жаңа жоба- бұл аяғына нық тұрған, саяси аренада өз орны бар, экономикасы қарыштап дамыған елдің бағдаршамына айналады. Бұл өткенді жоққа шығару емес - болашаққа бейімделген саналы жаңғыру дейді мамандар.