Бүгін «Халық бугхалтері» республикалық акциясы аясында салық төлеушілерге арналған арнайы семинар өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Жиында қатысушыларға Салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат беріліп, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берілді.