Әскерилер де конституция жобасына қатысты сұрақтарына жауап алды. Арнайы түсіндіру тобы Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері институтына аялдады. Институт қабырғасында әсіресе цифрлық технологияларға қатысты маңызыд ақпараттар берілді. Жаңарған конституцияда азаматтардың жеке деректерін заңсыз жинауға болмайтыны нақты жазылған. Хабарламалар, банк операциялары, қоңыраулар бәрі құпия болып саналады.