Ақбөбек халықаралық мектебінде "Діңгек" олимпиадасы өтті. Білім бәсекесінің басты ерекшелігі – ұстаздар мен оқушылардың бірге сынға түсуі. Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ұйымдастырылды. Биыл екінші рет өткен облыстық додаға 100-ге жуық қатысушы жиналды. Олар қала және аудан мектептерінен іріктеліп келген. Қатысушылардың білім деңгейін жоғары оқу орындарының оқытушылары мен тәжірибелі тіл мамандары бағалады. Олимпиада дарынды оқушылар мен шығармашыл педагогтердің басын қосқан маңызды алаңға айналды.