Жалпыхалықтық референдум – ел бірлігін нығайтып, ортақ мақсатқа ұмтылуға мүмкіндік береді. Халықтың сенімі мен белсенділігі – кез келген реформаның табысты жүзеге асуының кепілі. "Қазпошта" қызметкерлерімен кездескен өңірлік коалиция мүшелерінің пікірі осыған саяды. Облыстық мәслихат депутаты, қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған ақпараттық топ жиналғандарға жаңа конституция жобасының құрылымы мен мазмұнындағы айқындалған басты өзгерістерге тоқталды. Спикерлер Жаңа Конституция – тек өзгерістер жиынтығы емес, жаңарған Қазақстанның болашаққа нық қадам басуының символы екенін алға тартты.