Өнер орталығы ғимаратында "Жұбанов жаққан жұлдыздар" атты концерт өтті. Шарада Ахмет Жұбанов атындағы музыка колледжінің оқушылары өнер көрсетіп, классикалық және ұлттық шығармаларды орындады. Дәстүрлі шараның бұл жолғы ерекшелігі концертті әйгілі композитор атындағы оқу орны және қазақ ұлттық оркестрі мен Ғазиза Жұбанова атындағы филармония бірігіп ұйымдастырды.