Жаңа Конституция жобасында цензураға тыйым салынады. Адамның құқықтары мазмұнды тұрғыда нақтыланып, шығармашылық еркіндікке кепілдік берілген. Жаңа Ата Заңдағы аталмыш өзгерістер шығармашылық әлеуеттің артуына сеп болмақ. Сонымен қатар, Конституциядағы 23 баптың 1 тармағында сөз және шығармашылық еркіндігі, зияткерлік меншік пен мәдени мұраны сақтау мәселелері нақты бекітілген. Бұл өзгерістер қоғамның демократиялық дамуына ғана емес, елдегі өнер мен мәдениет саласының еркін тыныстауына да оң септігін тигізбек. Өңірлік коалиция мүшелерінің кезекті кездесуінде дәл осы тақырып тереңінен түсіндірілді. Бүгінгі бас қосу Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің ұжымымен өтті.