Жалпыұлттық коалиция мүшелері "СНПС - Ақтөбемұнайгаз" компаниясының ұжымымен кездесті. Жиынға 300-ден аса адам қатысты.
Парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева жаңа Конституция жобасындағы негізгі ережелерді, енгізілген баптардың ел болашағы үшін маңызын түсіндірді. Әсіресе еңбек адамдары үшін тиімді толықтырулардың көп екенін жеткізді. Өз кезегінде еңбек ұжымы мемлекет келешегі үшін қолға алынған бастаманы қолдайтындарын айтты.