Масленица – жаңару мерекесі. Көпшілік асыға күтетін мерекелік шараны этномәдени бірлестік өкілдері ұйымдастырды. Сахнада өнерпаздар вокалдық әндер айтып, славян халықтарының ұлттық биін биледі. Бір-бірін құттықтап, жиналғандарға ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар көрермендерді алдағы республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.