Ата заңның жаңа жобасында білім мен ғылымды, инновация мен мәдениетті дамытуды басты басымдық ретінде қарастырған. Бұл дегеніміз еліміздің әділетті қоғам құру жолындағы стратегиялық нық қадамы. Жаңа құжатта аталған салаларға инвестицияны арттырып, білім беру сапасын жоғарылату, ғылыми әлеуетті күшейту көзделген. Айтайық, Ата заңның жаңа жобасын түсіндіру жұмыстары ел арасында қызу жүріп жатыр. Бүгін кезекті топ өкілдері М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының ұжымымен кездесіп, Конституциядағы жаңашылдықтарды таныстырды.