Жалпыұлттық коалиция мүшелері Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетте де жергілікті ғалымдармен және студенттермен жүздесті. Ата заңның жаңарған құрылымында білім беру мен ғылым саласына ерекше мән берілуі - аса маңызды әрі стратегиялық шешім. Конституциялық деңгейде білім мен ғылымның басым бағыт ретінде айқындалуы мемлекетіміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға, инновациялық даму жолына түсуіне және жаһандық бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл, ең алдымен, сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуге, академиялық еркіндікті дамытуға және ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыруға бағытталған.