Ашық аспан астында ұйымдастырылған шарада өнерпаздар Ата заңдағы жаңашылдықтарды өнер арқылы ұлықтады. Патриоттық әндер шырқалып, ел өмірі үшін маңызды бастамаларға көпшіліктің назары аударылды. Кеш барысында Конституцияның жаңа жобасы жөнінде ақпарат беріліп, наурыздың 15-іне белгіленген референдум туралы айтылды. Шара тұрғындардың қоғамдық-саяси науқанға қызығушылығын арттыруға бағытталды.