Өңірге жұмыс сапарымен келген жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе құбырлар зауытына барды. Мәжіліс депутаттары еңбек ұжымына Жаңа Конституция жобасын таныстырып, алда өтетін жалпыхалықтық референдумның маңызын атап өтті. Конституциялық реформа- жаһандық өзгерістер мен технологияның дамыған дәуірінде заман ағымына, уақыт сұранысына сай жасалған қадам дейді зауыт жұмысшылары.