Білім беру жүйесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланып, балғындардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру бүгінгі күннің басты бағыты. Баланың шығармашылық қабілетін, ойлау мәдениетін, танымдық белсенділігін дамытуға да жаңашылдықтың үлесі зор. Осы мақсатта мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері ЖИ бойынша біліктіліктерін арттыру семинарына қатысты.