Конституция - кемел елдің кепілі. Осындай атаумен өткен сенбіде қалалық Мәдениет сарайының алдында шаһар тұрғындарына арналған мәдени шара өтті. Сахна төрінде өнерпаздар патриоттық және дәстүрлі әндерді шырқады. Концерттік бағдарламадан кейін жаңа Конституция жобасының қоғам алдындағы маңызы түсіндіріліп, ұйымдастырушылар көрермендерді алдағы республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.