Ақтөбелік жас волейболшылар ел біріншілігінде топ жарды. Елордамыз Астанада өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында бақ сынаған спортшылар жүлделі І орынды иеленіп, аймақ намысын абыроймен қорғап келді. «Лайфстайл» волейбол академиясының 2012–2013 және 2014–2015 жылы туған тәрбиеленушілері жазғы чемпионатта жоғары шеберлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, 24 командадан басым түсті. Нәтижесінде екі жас санатында да жеңімпаз атанып, Қазақстанның екі дүркін чемпиондары мәртебесіне ие болды.