Өңірде велосипед ұрлықтарын ашуға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотты болған 46 жастағы азаматты ұстады. Тергеу нұсқасына сәйкес күдікті тек велосипедтерді ғана емес, өзге де бағалы заттарды қолды еткен. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын шамамен 750 мың теңгені құрады.