Алтын Орда ықшам ауданында жаңа драма театрының құрылысы жалғасуда. Ауқымды мәдени нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бой көтеріп жатыр және өңірдегі ең ірі театр өнері орталықтарының біріне айналады. Облыс әкімі Асхат Шахаров құрылыс жұмыстарының барысын барып көрді. Драма театры ғимаратының жалпы ауданы 21 мың шаршы метр. Кешен жертөле қабатын қоса есептегенде үш қабатты болады. Оның құрамында үлкен және кіші көрермен залдары, заманауи репетиция бөлмелері, сахналық кеңістіктер мен қызметтік кабинеттер қарастырылған. Жобаны 2027 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.