Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ағылшын тілін жаңадан үйренушілерге арналған клуб өз жұмысын бастады. Тегін сабақтар аптасына екі рет өтеді. Алғашқы сабаққа мектеп оқушыларынан бастап зейнет жасындағы тұрғындарға дейін қатысты.