Қоғамдық орындарда адамның жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты жаңа талап күшіне енді. Өзгеріс «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» заңға енгізіліп, қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған. Полицейлердің айтуынша, талап: балаклава, бетперде, никаб секілді бетті толық жабатын киімдерге қатысты. Ал беті ашық болатын діни киімдерге бұл норма қолданылмайды. Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығы, медициналық көрсеткіштер, қызметтік міндеттерді орындау, спорттық және мәдени іс-шаралар кезінде бетті жабуға рұқсат етіледі. Қазір тәртіп сақшылары тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.