Ел өміріндегі тарихи күнде перзентханаларда жаңа өмірлер есік ашты. Облыстық перинаталдық орталықта түнгі 12:00-ден күндізгі 15:00-ге дейін 10 сәби дүниеге келді. Оның 7-еуі ұл бала, 3-еуі қыз бала. Дәрігерлердің айтуынша, барлық нәрестелер мен аналардың жағдайы қанағаттанарлық.