«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында кезекті экологиялық акция өтті. «Таза қала – таза жағалау» - ұранымен өткен іс-шараға «Жасыл ел» еңбек жасағының 70 сарбазы қатысты. Олар Қарғалы өзенінің жағалауында шашылған тұрмыстық қалдықтарды жинап, демалыс аймағын ретке келтірді.