Ғазиза Жұбанова көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жоба 2024 жылдың соңында басталған еді. Былтыр жолдың негізі толық дайындалып, асфальт-бетон жабынының екі қабаты төселіп, жарықшамдар орнаталды. Қазір жаяу жүргіншілер жолы, велосипедке арналған жолақтар мен арықтар салынуда.