Енді жүргізуші куәлігі мен көлік құжаттарын мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ алуға болады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа сервисті іске қосты. Енді дайын болған жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік тіркеу нөмірді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы үйіңізге немесе қалаған жеріңізге тапсырыспен алдыруға мүмкіндік бар. Қызмет ақылы,Алматы, Астана қаларының тұрғындары үшін 15 мың теңгені құраса, өзге өңірде жеткізу құны 7000 мың теңге.