Елімізде жыл сайын шілде айының екінші жексенбісінде Балық шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі. Кәсіби мереке қарсаңында Балық инспекциясы сала мамандары арасында спорттық сайыс ұйымдастырды. Дәстүрлі балық аулау жарысынан бөлек, мерекелік бағдарламаны спартакиада толықтырды. Қатысушылар футбол, үстел теннисі және шахмат бойынша бақ сынады.