Облыс әкімі Асхат Шахаров Алтын Орда ықшам ауданында салынып жатқан жаңа футбол стадионының құрылыс алаңына барып, өңірдегі ең ірі спорттық жобалардың бірінің жүзеге асырылу барысымен танысты. Жаңа стадион 34 980 көрерменге арналған және халықаралық талаптарға сай заманауи спорт нысаны болады. Қазіргі уақытта алаңда құрылыс-монтаж жұмыстары қызу жүріп жатыр.