Облыс орман шаруашылықтары жаңа техникамен толықты. Орман өрттерінің алдын алу және жедел әрекет ету мақсатында өңірдегі сегіз орман шаруашылығына заманауи HOWO өрт сөндіру автокөліктері табысталды. Бұл Қытайдың Sinotruk корпорациясы шығаратын, жоғары маневрлігімен және қуатты қозғалтқышымен ерекшеленетін заманауи техника. Олар ірі қалаларда, өндіріс орындарында және табиғи аймақтардағы төтенше жағдайлар мен өрттерді сөндіру, құтқару жұмыстарын жүргізу үшін кеңінен қолданылады. Жаңа техникалар орман өрттеріне қарсы қызметті күшейтіп, табиғи аумақтарды қорғау тиімділігін арттыруға ықпал етеді дейді мамандар.