«Күміс жас» жобасы аясында өңірде 700-ден астам адам жұмысқа орналастырылды. Биыл осы бағыт бойынша 850 азаматты еңбекпен қамту жоспарланып отыр. Аталған бағдарламаға 50 жасқа толған қазақстандықтар 3 жылға дейін қатыса алады. Толық ақпарат алу және өтініш беру үшін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша Мансап орталығына хабарласуыңыз қажет. Жоба аясында жұмысқа орналасқан азаматтардың айлығы субсидияланады. Яғни, жұмыс берушіге де, жұмысқа орналасушыға да оңтайлы жағдай жасалған.