Алты айда өңірде 235 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,4 пайызға азайған. Әйтседе, газ баллонын дұрыс пайдалану және сақтау ережелеріне тұрғындар әлі де салғырт қарайды. Осыған сәйкес жауапты мамандар, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын күшейтті.