БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында арнамыздың тілшілері телебағдарламалардың қалай түсірілетінін көрерменмен бөлісуді ұйғарды. Ең танымал жобалардың бірі - "Қайырлы таң, Ақтөбе" ақпараттық сазды бағдарламасы. Бір жарым сағаттық шығарылым артында ондаған маманның еңбегі жатыр.