Өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекесімен Қазақстан журналистер одағының облыстық ұйымы құттықтады. Салтанатты жиында бірқатар әріптесіміз Қазақстан журналистер одағының мүшесі атанса, енді бірі марапат төрінен көрінді. Сондай-ақ, мерекелік жиында белгілі журналист Жаңагүл Жүрсіннің "Сұхбат туралы сұхбат" атты кітабының тұсауы кесілді.