Тері ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланды. Үш күнге жоспарланған жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен және көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан 300-ге тарта маман қатысуда. Дүниежүзілік витилиго күніне орай ұйымдастырылған іс-шара 15 жылдан бері білім мен тәжірибе алмасатын беделді алаңға айналып үлгерді.