Облыстық Азаматтық орталық мүшелері есірткіге тәуелділік, әлеуметтік қауіптердің алдын алу және ондағы азаматтық қоғамның рөлі тақырыбын талқылады. Қатысушылар есірткіге тәуелділіктің алдын алу саласындағы қазіргі ахуалды, жастарға төнетін заманауи қауіп-қатерлерді және мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын күшейтудің тиімді тетіктерін талқылады. Сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, профилактикалық бағдарламаларды дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.