Өңір басшысы Асхат Шахаров азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады. Қабылдауға қала және аудан тұрғындары қатысып, өздерін толғандырған мәселелерді тікелей облыс әкіміне баяндады. Байғанин ауданының Көкбұлақ ауылына газ тарту, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану, тұрғын үй кезегіне тұру, сондай-ақ Ойыл ауданының Аманкелді ауылындағы көше жолдарын асфальттау және спорт кешенін салу мәселелері көтерілді. Сонымен қатар қабылдауда тұрғын үй және жер мәселелері, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы апатты тұрғын үйдің жай-күйіне қатысты сұрақтар қаралды.

Облыс әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, жауапты басқармалар мен аудан әкімдеріне мәселелерді заң аясында зерделеп, нақты шешу жолдарын қарастыру жөнінде тапсырмалар берді.