Климаттық саясат пен экологиялық мәселелерді шешудегі азаматтардың рөліне арналған семинар-тренинг өтті. Жиында қатысушылар өңір үшін өзекті климаттық сын-қатерлерді, сондай-ақ жергілікті деңгейде климаттың өзгеруіне бейімделу мүмкіндіктерін талқылады. Жиын барысында қоғамдық сараптама жүргізу және жергілікті экологиялық бастамаларды әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті.