Өңірде шілденің бірі,екісі күндері ауа райы тұрақсыз болады. Аймақтың солтүстік және шығыс бөліктерінде найзағай ойнап, толассыз жаңбыр жауады. Желдің де жылдамдығы жоғары. Секундына 20 метрге дейін жетуі ықтимал. Түнгі мезгілде ауа температурасы 11-16, күндіз 20-28 градус аралығында болады. Синоптиктер ертеңгі күнге де болжамымен бөлісті.