Әзілкештер алаңда. Қалада жайдарманшылар арасында футбол турнирі өтті. Спорт сайысына еліміздің батыс аймағындағы 4 облыстың өкілдері қатысты. Қатысушылар арасында жайдарманның алғашқы буын өкілдері де бар. Доп додасы аға буын мен жастар арасындағы сабақтастықты нығайтқан шараға айналды.