Қобда ауданында «Заң керуені» әлеуметтік акциясы өтті. Негізгі мақсат - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың өзекті құқықтық мәселелерін шешуге тәжірибелік көмек көрсету. Акция барысында тұрғындарды құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қабылдады. Сонымен қатар азаматтарға адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, жеке сот орындаушылары және өзге де мамандар тегін құқықтық кеңес берді. «Заң керуені» акциясы аудан орталығы мен ауылдық елді мекендерге барып өткізілді.