Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мемлекеттік табиғи қорық аумағында заңсыз балық аулау фактілерінің жолын кесті. Ырғыз ауылынан 75 шақырым жерде орналасқан, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын "Айкөл" көлінде заңсыз балық аулаған 6 жергілікті тұрғын ұсталды. Оқиға орнын тексеру барысында «УАЗ», «ВАЗ-» және «УАЗ Патриот» автокөліктерінен, ұзындығы 100 метрлік екі балық аулау торы, екі үрлемелі резеңке қайық, сондай-ақ сазан және шортан тұқымдас балықтар салынған 17 қап тәркіленді.