Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде вегетациялық кезеңнің өту барысы қаралды. Асхат Шахаров жауапты басқармаларға егін науқанының тұрақты әрі жоспарлы жүруін қамтамасыз етуді тапсырды. Жиында ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары суармалы егістіктердің жай-күйі, шаруалардың өзекті мәселелері, су үнемдеу технологияларын енгізу, егін жинау техникасының және астық қабылдау кәсіпорындарының дайындығы туралы баяндады.