Ұлттық домбыра күніне орай этно-кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара ұлттық өнерді ұлықтауға және қазақ халқының күйшілік дәстүрі мен қолөнер мұрасын насихаттауға арналды. Кездесу барысында домбыра жасау өнері, ұлттық аспаптың тарихы мен рухани маңызы, күй өнерінің тағылымы туралы мазмұнды әңгімелер айтылды.