Ақтөбеде қыздар арасында республикалық ашық волейбол турнирі басталды. Дәстүрлі дода 4 шілдеге дейін жалғасады. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен келген 27 команда қатысып, 400-ге жуық жас спортшы бақ сынауда. Турнирде Орал, Атырау, Ақтау, Астана, Ақтөбе және басқа да қалалардың командалары өнер көрсетеді. Жарыс 2010–2015 жылдары туған қыздар арасында үш жас ерекшелігі бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы күндері топтық кезең ойындары өтсе, кейін плей-офф кездесулері мен финалдық бәсекелер ойналады. Жеңімпаздар кубок, медаль және арнайы сыйлықтармен марапатталады.