Хромтаудағы өсімдік майын өндіретін зауыт өндіріс көлемін жыл сайын ұлғайтып келеді. 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын бүгінде өңірдегі ірі өндіріс орындарының біріне айналған. Былтыр ғана зауыт өндірісті жаңғырту үшін Қытайдан шамамен 2 миллиард теңгеге заманауи құрал-жабдықтар әкелді. Соның нәтижесінде өндіріс қуаты артып, жаңа жұмыс орындары ашылды.