Жаңа Конституциясы заңды күшіне енеді. Жаңартылған Ата Заңда адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, ұлттық бірегейлікті нығайтуға, сондай-ақ мәдени мұра мен дәстүрлі құндылықтарды сақтауға айрықша көңіл бөлінген. Сонымен бірге цифрлық технологиялардың қарқынды дамуын ескере отырып, оларды құқықтық реттеуге бағытталған жаңа нормалар енгізілді. Бұл өзгерістер заманауи сын-қатерлерге нақты жауап беретін құқықтық жүйені қалыптастырып, елдің тұрақты дамуына негіз болады дейді депутаттар.