Жаңа Конституцияны қолдау мақсатында «Әділет» партиясының жастар қанаты мен қалалық Жастар ресурстық орталығы бірлесіп мерекелік акция ұйымдастырды. Шараға қала жастары белсене қатысты. Негізгі мақсат - Ата заңның маңызын насихаттап, азаматтардың Конституцияға деген құрметін арттыру. Акция барысында қатысушылар арнайы стендтерге өз тілектері мен Отанға деген сүйіспеншілігін білдіретін жазбаларын қалдырды.