Өңірде басты Ата заңның күшіне енуіне арналған кеңейтілген кеңес өтті. Жиын барысында облыс әкімі Асхат Шахаров он жас мемлекеттік қызметшіге жаңа Конституцияның арнайы басылымын табыстады. Салтанатты рәсім Мемлекет басшысының жастарға деген ерекше сенімі мен елдің болашағын қалыптастырудағы олардың жауапкершілігін айқындайтын маңызды іс-шаралардың бірі болды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының атынан жаңа Конституцияны қабылдауға және оны кеңінен насихаттауға қосқан үлесі үшін облыстық мәслихатының төрағасы Гүлқасима Сүйентаева мен облыстық Қоғамдық кеңес төрайымы Тәттігүл Талаеваға жаңадан редакцияланған Конституцияның арнайы мақтау қағаздары мен көшірмелері табыс етілді.