Туберкулез жұқтыру және өлім-жітім көрсеткіштерінің тұрақты төмендеуі байқалады. Медицина мамандары бұл көрсеткіште ауқымды ақпараттық науқан, өткізілген профилактикалық іс-шаралар маңызды рөл атқарды деп отыр. Жұқпалы инфекцияға қарсы ақпараттандыру шаралары әлі де жүйелі түрде жүргізілуде.