Ережені елемегендер. Тәртіп сақшылары тарапынан бірнеше рет жүргізілген профилактикалық жұмыстар мен ескертулерге қарамастан, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған түлектердің фактісі тіркелді. Көлік құралын қауіпті тәсілмен басқарған олар автокөліктің терезесінен шығып, денсаулыққа қауіп келтіретін әрекеттерге жол берген. Қазіргі таңда іс бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.